Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда емделуші жігіт жүрегі тоқтап қалған тіс дәрігерін тонап кеткен

Қарағандыда жұмыс орнында қайтыс болған тіс дәрігерін мас екен деп ойлаған емделушісі тонап кеткен.

0173a3a4d184cf6333ead6c7e59ff9dd_resize_w_520_h_

26 жастағы Мадияр Сағатаевтың тісі ауырып, стоматологияға барған. Шағын тіс емханасының дәрігері Марат Нишановтың сол күні жүрегі ауырып, түстен кейін жұмыс орнында көз жұмған. Стоматологияға келген Мадияр Сағатаев өз кабинетінде жерде құлап жатқан дәрігерді көреді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Дәрігер ішімдіктің әсерінен мас болып ұйықтап жатқан шығар деп ойладым. Менен басқа емханада ешкім болмады», – дейді Мадияр Сағатаев.

Жедел жәрдем қызметін шақырудың орнына Сағатаев өліп қалған дәрігердің қалтасынан 350 мың теңге мен екі ұялы телефонды алып тайып тұрған. Ол сондай-ақ марқұмның жеке куәлігін, жүргізуші куәлігі мен визит карточкаларын да алып кеткен. Сағатаев ұрлап алған ақшаны керек-жарағына жұмсап, ұялы телефонның біреуін танысына сыйлаған.

«Күйеуім таңертең жұмысқа кеткен. Күнде ол үйге 18.00 – ден кейін келетін. Сол күні түнгі тоғызға дейін Марат үйге келген жоқ. Бірнеше рет ұялы телефонына хабарластым, бірақ сөндірулі болды. Қызыма стоматологияға барып, не болғанын біліп келуді тапсырдым. Емханаға барып келген қызым әкесінің қайтыс болғанын айтты. Келесі күні стоматология мен күйеуімнің көлігін тексере келе 350 мың теңге мен екі телефонының қолды болғанын білдім», – дейді марқұмның әйелі «Криминальные новости» басылымына берген мәлімдемесінде.

Бастапқыда полиция қызметкерлері дәрігер тонаушылардың қолынан қаза болды деген болжам жасаған. Алайда тергеушілер қылмыс орнынан ешқандай да саусақ іздерін, не болмаса қандай да бір дәлел, не болмаса куәгер таба алмады. Тек екі аптадан кейін байланыс қызметкерлері марқұмның ұялы телефонының сигналы арқылы тауып алды. Сондай-ақ, ұялы телефонның кімде екендігі де анықталды. Осыдан кейін Сағатаевтың үстінен өзге адамның дүниесін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер марқұмнан ұрлаған 350 мың теңге ақшаны отбасына қайтарып берді. Сот қылмыскерді бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде ұйықтап кеткен анасы екі сәбиінен айырылып қалды

Шымкентте бұзақылар жол апатынан соң өзіне көмекке ұмтылғандарға жұдырық ала жүгірген

Имам: Жат ағымдар жасырын жиналыс өткізеді

Ақтөбе тұрғындарының қасқыр деп көлігімен басып өлтіргені ит болып шықты (видео)

 

 

Талқылау