Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жас жігіт өзінің егізімен жанжалдасып қалып, пышақтап тастаған

Қарағанды қаласында 21 жастағы жігіт өзінің егіз ағасын пышақтап өлтірген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағандыда жас жігіт өзінің егізімен жанжалдасып қалып, пышақтап тастаған

15 желтоқсанда Кировтегі полиция бөлімшесіне қаладағы пәтерлердің бірінде 21 жастағы жігіттің пышақ жарақатын алғаны туралы қоңырау түскен.

«Шұғыл-тергеу тобы оқиға орнынан зардап шеккен жігіттің 21 жастағы егізін ұстады. Ол ағасымен арасында ұрыс туындап, жанжал кезінде пышақтап тастағанын мойындады. Пышақ жарақатының салдарынан зардап шегуші жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», – делінеді хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (Кісі өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау