Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жалған лаңкестікпен айыпталған іс бойынша физика мұғалімі сотталды

Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық соты физика пәнінің мұғалімі Юрий Пакты жалған лаңкестікпен айыптаған атышулы іс бойынша үкім шығарды.

?????????????

Бқл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Пак Террористік акт туралы көріне жалған хабарлау бабы бойынша айыпты деп танылсын және жалпы режимдегі түзету мекемесінде екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді Қазыбек би аудандық сотының судьясы Алия Жошева.

Ол сотталушының сот залында тұтқындалатынын хабарлады. Сонымен бірге, сот материалдық шығын ретінде Пактан облыстық ТЖД мен жедел жәрдем қызметі пайдасына 60 мың теңге өндіріп алды.

Сондай-ақ, сараптама өткізуге жұмсалған сот-процессуалды шығын ретінде мемлекет пайдасына 192 мың теңге өндірілді.

Мұғалімді қолдауға келген халық сот залына сыймады. Бұл мұғалімнің достары, таныстары, бұрынғы оқушылары еді.

Сот процесі кезінде Пак өзінің кінәсіз екенін айтумен болды. Үкім шығар алдында Пактың анасының ауыр науқастан көз жұмғаны белгілі болды. Айыпкерді қолдауға келген халық үкім шығарылған соң, көз жасын тыя алмады.

Талқылау