Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жүйкесі бұзылған адамдарға жүргізуші куәлігін беріп келген

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің тіркеу-емтихандық бөлімін тексерген прокуратура органдары онда жүйке жүйесі аурулары диспансерінде есепте тұрған адамдарға жүргізуші куәлігінің берілгендігін анықтады.

20161005125613

Тексеру барысында жүйке жүйесі аурулары диспансерінен жалған медициналық анықтама алып келген адамдарға жүргізуші куәлігін беру бойынша үш факті анықталды.

«Қазыбек би аудандық прокуратурасының жүргізген тексеруінің қорытындысы бойынша, арнайы медициналық мекемеде есепте тұрған үш азаматқа автокөлік құралдарын жүргізуге берілген жүргізуші куәлігін сот тәртібінде жою үшін ішкі істер органына заңдылықты бұзғаны туралы ұсыныс шығарылды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеу барысы прокуратураның бақылауында.

Тағы да оқыңыз:

Астанада заңсыз миссионерлікпен айналысып келген шетелдік азамат ұсталды

Қостанайда ақша төлемеген қызды жасыл дәрімен жуындырған таксист пен жолаушы қыз татуласты

87 жастағы әжей немерелерінің қарсылығына қарамай парапланмен ұшты (видео)

Талқылау