Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда зейнеткерді тосап пен жұмыртқа үшін өлтіріп кетті

Егде әйелді өлтірді деген күдікпен Қарағандыда Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД хабарлады.

ммммм

Тергеушілердің мәліметінше, 61 жастағы әйел ваннада бірнеше дене жарақатымен табылған.

“Әйел немересімен бірге тұрған екен. Ол басқа адамдарға мүлде есік ашпаған. Ауырмаған, медициналық есепте де тұрмаған”, – дейді облыстық ІІД басшысының орынбасары Ерлан Омарбеков.

Әйелді өлтіру ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Дереу жедел-тергеу тобы құрылып, іске кіріскен.

“Аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен 1995 жылы туған Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұрын да ол сотты болған екен. Қарағанды аумағында ол тоғыз айдан бері тұрып келе жатқан”, – деп атап өтті ІІД өкілі. Заттай айғақтар ретінде үш банкі тосап, 10 жұмыртқа және ноутбук пен 20 мың теңге табылған. Құқық қорғау органдары анықтағандай күдікті өзі өлтірген әйелдің кіші ұлымен таныс болған. Олар Қарағандыдағы базарлардың бірінде бірге жұмыс істеген. Егде әйел де үйіне келген кезде оны бірден таныған.

Күдікті жедел-тергеу тобының жұмыстары нәтижесінде Майқұдық ауданында қолға түскен.

“Күдіктінің сөзінше, ол қызымен және оның анасымен бірге тұрған. Олар мұны жұмыс жасамадың, ақша әкелмейсің деп жиі айыптайтын болған. Өзінің табысты екенін дәлелдеу үшін ол осындай қылмысқа барыпты”, – дейді полковник Омарбеков.

Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторында. Оған ҚР ҚК 99 бабы “адам өлімі” бойынша айып тағылды.

Талқылау