Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда Volkswagen жүргізушісі әйелді қағып қашып кеткен

Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің қызметкерлері бір тәулік ішінде әйелді қағып, оған көмектесудің орнына оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні ұстады.

20161026141455

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«23 қазанда 14 шағын ауданда шетелдік көліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай әйел адамды қағып кетті. Жапа шеккен әйелге аялдамада тұрған адамдар көмек көрсеткен. Оны қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты. Жапа шегуші мен куәгерлер көліктің маркасы мен түсін ғана есте сақтап қалған. Әйел көліктің артқы жағында із қалуы керек екенін айтты», – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Іздеу бөлімінің қызметкерлері бір тәулік бойы Майқұдықтағы аулалар мен тұрақтарды тексерді. Көлік жабық тұрақтардың бірінен табылды. Қызыл түсті Volkswagen көлігінің 24 жастағы иесі өзі істеген әрекетті мойнына алды.

«Жігітте көлікті басқару құқығы болмаған және ол мас күйде көлік рөліне отырғандықтан, көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жүргізуші істеген ісі үшін заң алдындағы жауапкершіліктен қорыққан соң, оқиға болған жерден ізін суытқан. Қазір заң бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергу амалдары басталды», – делінген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Ғажайыпты күтпеңіз, оны өзіңіз жасаңыз. Балуан Шолақтың шөбересі 10 бала асырап алды (фото)

Өзгенің ақшасын ұрлап тамақ алып жеген ұры уланып ауруханаға түсті

Мейірімді жүргізуші жаяу жүргіншілердің шалшықтан өтуіне көмектесті

Неліктен шайтандар құлшылық етушілерге көбірек жақын болады

Басына үлкен мүйіз шыққан әжейге дәрігерлер де көмектесуге қауқарсыз (видео)

Талқылау