Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда үш баланы өрттен құтқарған ерлі-зайыптыға тек қана қысқатолқынды пеш сыйлады

Қарағандыда 7 ақпанда үш баланы өрттен аман алып қалған ерлі-зайыптылар марапатталды. Олар өрт шыққан көршілерінің үйіндегі балаларды терезеден шығарған.

Бұл туралы ekaraganda хабарлады.

Тахир Закизьянов пен Айгүл Таушиева 7 ақпанында сағат 13:57 шамасында Қарағандыдағы 12-ші шағынауданда орналасқан үйдің 4 қабатынан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде 4-ші қабаттағы 3 бөлмелі пәтердің залы мен жатын бөлмесі жанып жатқан.

Көршілер түтіннің иісін сезіп, өрт сөндірушілерге хабарласқан. Олар пәтерде балалардың болғанын біліп, өздігінен әрекет ете бастаған.

3-ші қабатта тұратын Тахир Закизьянов далаға кілем төсеген. Кейін өзінің балконы арқылы жанып жатқан пәтердің балконына шығып,  балалар жылап жатқан терезеге жетеді. Қолына 2016 жылғы қызды алып, оны әйеліне берген. Тахир 2011 жылғы екі егіз ұлды жанып жатқан пәтерден терезе арқылы шығарған, бірақ жұбайы қорыққандықтан оларды ұстап қала алмаған. Сол кезде Тахир балаларды төселген кілемнің үстіне тастап жіберген.

Сол күні ерлі-зайыптылар үйлерінде демалып жатқан. Олар дүкеннен келіп шәй ішпек болғанда айқай-шудың дыбысын естіген.

«Шай қойдым. Көршілер шулады. Қонақтар жатқан шығар деп ойладым. Бірақ, өрт басталыпты. Мен көрші үйдің балаларын қатты уайымдадым», – дейді Айгүл Таушиева.

Сол сәтте Тахир Закизьянов балаларды құтқаруды ойлаған.

Қарағанды облысының ТЖД басшысы Ибрагим Күлшімбаев олардың жанкешті ерлігі үшін алғысын айтып, марапаттады.

Оларға департамент атынан медаль табысталып, қысқа толқынды пеш сыйланды.

Сонымен қоса, Тахир Закисьянов жүктеуші болып жұмыс істейтін «Горкомтранс» ЖШС-нің басшылығына хабарландыру жіберіліп, қызметкерін ынталандыруды сұралды.

Тағы оқыңыз:

Тойда фонограммамен ән айтып тұрған азамат мәтінді қосылып айтудың орнына жұлқына билеп кетті (фото)

Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)

Қария тойда есіріп билеп жатқан қыз бен жігітті таяқпен салып қалды (видео)

Ет тағамын “Атадәм” деп атауды ұсынған Шымкент тұрғыны жұртты өзін қолдауды шақырды

Талқылау