Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандының үш тұрғыны соғыс ардагерін өлгенше сабаған

ҰОС ардагерін өлтірді деген күдікпен Қарағанды облысының үш тұрғыны ұсталды.  Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

8282880

Полицейлердің мәліметінше, 10 ақпанда үш ер адам ҰОС ардагерігің үйіне ұрлыққа түскен. Олар ардагерді ауыр жарақаттап, оқиға орнынан  тайып тұрған.

Екі күдікті Шахтинскте қолға түскен. Үшіншісі Қарағандыдағы пәтерде тығылып жатқан жерінен ұсталған.

«Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторында. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Талқылау