Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда Ұлттық Ұлан жауынгері көлік тіркемесінің астында қалып көз жұмды

Қарағандыда әскери қызметкер оқыс оқиға кесірінен қаза тапты. Бұл туралы ҚР Ұлттық Ұланының баспасөз қызметі хабарлайды.

8585

“2017 жылдың 23 тамызында сағат 08:30-да 5451 әскери бөлімінің қызметкері, әскерге Шымкент қаласынан шақырылған 1995 жылы туған қатардағы Тимур Фахритдинұлы Перметов қайтыс болды”, – делінген хабарламада.

23 тамызда әскери бөлімде әскери техникалардың дайындығын тексеру мақсатында іс-шара өткізілген.

“Урал” тіркемесі бар арнайы автомашинаның жүргізушісі қатардағы Перметов алаңқайда кезекті маневр жасағаннан кейін инстурукцияға сәйкес көлікті алдын ала қол тежеуішіне қойып, тіркемені автокөліктен ажыратқан. Осы уақытта еңкейіп тұрған тіркеме кенеттен құлап кетіп, тіркеме мен көлік арасында тұрған сарбазды басып қалады”, – деп хабарлады Ұлттық Ұлан.

Сарбазға медициналық көмек көрсетіліп, қалалық ауруханаға жеткізілгеніне қарамастан ол есін жимай көз жұмған. Қазіргі кезде өлім дерегі бойынша қызметтік тексеріс басталыпты. Қайғылы оқиғаға өкініш білдірген Бас қолбасшылық пен Ұлттық гвардияның барлық құрамы сарбаздың туыстары мен жақындарына қажетті көмекті беруге дайын екендіктерін жариялады.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында тас жол бойында жолаушылар автобусы өртенді (видео)

Сәтбаевта оқыс оқиға салдарынан жарақат алған шахтер көз жұмды

Астанаға жақын маңда дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні көлік қағып өлтірді

Ақсуда мас полицей бес бірдей көлікті соғып қиратып кетті (видео)

Талқылау