Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда туберкулез дертіне шалдыққандар көшеде қаптап жүр

Қарағанды тұрғындары туберкулез дертіне шалдыққандардың көшеде еркін жүргеніне наразы.

«ЖБИ» деп аталып кеткен ықшам ауданында науқастармен бірге сотталғандар да емделеді, деп хабарлайды 31 арна.

Ол облыстық туберкулезге қарсы диспансер. Ауруханада туберкулезге шалдыққан 500-ге жуық науқас емделуде. Оның 70 пайызын дерттің ашық түріне шалдыққандар құрайды.

Науқастар күндіз көшеде еркін жүріп, тұрғындардың ашуын тудырды. Айтуынша, науқастар бетперде де тақпайтын көрінеді.

Аурухана басшылығы мұны растағанымен, тұрғындарға ауруды жұқтырмайтындарын айтады. Тек аурудың ашық түріне шалдыққандар ғана сыртқа шыға алмайды.

“Оны әуелі түскен кезде зерттейміз ғой. Бұл жабық мекеме емес қой. Туберкулез таяқшасын бөлмейтін адамдар, адамдарға зақым келтірмейтіндер, оларға мүмкін сыртқа шығуға да болады”, – дейді Қарағанды облыстық туберкулезге қарсы диспансердің директоры Ноян Бидайбаев.

Аурухана басшылығы қауіпті науқастардың оқшау жерде серуендейтінін айтып сендірді. Бірақ, ауруханаға қарсы диспансерде аурудан емделуден бас тартқан 207-ге жуық науқас бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау