Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда төрт жасар бүлдіршін көлікте өртеніп кетті

Қарағанды қаласында төрт жастағы бала көліктің ішінде өртеніп кетті. Тұрғын-үйдің есік алдында болған өрттің себебі әзірге белгісіз. Ал төрт жасар бүлдіршіннің көлікке қалай тап болғаны анықталуда.

10555724

Тұрғын үйдің алдында көлікте өртенген баланың денесін өрт сөндірушілер тауып алды.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Муталлапов хабарлаған.

Жұма күні сағат 13.00-де Volkswagen Transporter автокөлігінің өртеніп жатқаны жайында ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер мен апаттық-құтқару қызметі жеткен. Оның құрамында 2 техника бірлігі мен 8 адам болған.

«Құтқарушылар келіп жеткенде 10 шаршы метр ауданды алып тұрған автокөлік өртенген. Сонымен қатар, 2012 жылы туған бүлдіршіннің денесі табылған», – деді Муталлапов. Өрт 13.20-да ауыздықталды. Енді оның шығу себептері анықталуда.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да рейстік автобус жол үстінде өртенді

Ақтөбеде жүріп келе жатқан автобус отқа оранды

Шымкентте сауда үйі өртке оранды

Алматылық балаларының көзінше әйелінің үстіне жанармай құйып өртеген

Талқылау