Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карагандыда терезеден секіріп кеткен оқушыға қатысты сыныптастары шағым айтқан

Сенбі күні Қарағандыдағы мектептен 14 жастағы оқушы баланың терезеден секіргеніне байланысты сыныптастары арызданып жатыр. Мектеп басышылығы оның өте белсенді болғанын және қыздармен көп ұрысқа баратынын айтты.

10852925

Сурет авторы: Әсем Миржекеева

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

23 қаңтар күні мектептің 3-қабатынан оқушы секіріп кетіп, ауруханаға түскен болатын. Аталған іс бойынша полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Мектеп директоры Клара Әлжанованың сөзіне қарағанда, оқушыға қатысты 5 сыныптасының атынан оның бейәдеп мінез көрсетіп, балағаттайтыны жайлы шағым түскен.

«Сыныптастары арасындағы ұрыс оған қатты әсер еткен болу керек. Біз үнемі ата-аналар жиналысын өткізіп, оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізіп отырамыз. Оның ата-анасы жиналыстарға келіп, барлығынан хабардар болып, қолдап  жүреді. Алайда, баланың мазасыздығы осындай жағдайға әкеліп отыр. Ол мектептегі тәртібі үшін 2015 жылдың мамыр айында есепке алынған болатын», – дейді Клара Әлжанова.

«Мұғалім сабақ өткізіп тұрған. Бірер секундқа тақтаға қарап жазу жазып тұрғанда, оқушылардың шулап кеткенін байқайды. Қараса, оқушымыз терезе үстінде секіруге дайындалып тұр екен. Мұғалім оны тоқтатпақшы болғанда ол бірден секіріп кеткен. Оқиға ешқандай айғай-шусыз аяқ астынан болған».

Ал, оқиғаға қатысты оқушы ата-анасының көзқарасы басқаша. Олардың айтуынша, оқиға орын алмас бұрын, оны мұғалімдер бөлмесіне әкеліп, оған дауыс көтерген. Оның басқа сыныпқа ауыстырып жіберетінін, тіпті түрмеге қамап тастайтынын айтқан.

«Маған мектептен баламның терезеден секіріп кеткені жайлы хабарлады. Біз бірден ауруханаға бардық. Балам өлім аузында жатты. Оған бірден ота жасады. Ертесіне балама кіріп одан не болғанын сұрағанда, ол өмір сүргісі келмейтінін айтты. Не үшін мені үнемі инспекторларымен қорқыта береді? Ол маған айқайлады. Ол неге мені түрмеге түсесің деп қорқыта береді деп сұрады», – дейді Георгийдің анасы Нина Осадчий.

Георгийдің анасын неліктен баласын түрмеге қамаймыз деп қорқытқаны кінәрат туғызып отыр.

Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, білім басқармасы бөлімінде арнайы комиссия тобы құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сол бойынша шара қолданылатын болады.

Талқылау