Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда “Таблиғи жамағат” мүшелері сотталды

Қарағандының Қазыбек би аудандық сотында бүгін Қарағанды облысының үш тұрғынына қатысты “тыйым салынған діни ұйым қызметіне қатысты” деген айыппен үкім шықты.

55BF2D4D-C5A6-4EC1-A11F-23E9D4AAB40E_w640_r1_cx0_cy3_cw85_s

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Сот Қазақстанда тыйым салынған “Таблиғи жамағат” діни ұйымының бөліміне жетекшілік етті деген Айдын Шакентаевты екі жарым жылға, өзге екі сотталушы Мұрат Шөпенов пен Бауыржан Серіковті екі жылға соттады. Үкім бойынша, сотталушылар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді және жаза олар ұсталған 2015 жылдың қазанынан бастап есептеледі.

Өткен айда Астанада “Таблиғи жамағат” ұйымының қызметіне қатысты деп айыпталған бес адам сотталған. Бес адам екі жарым жылдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Қазақстанда “Таблиғи жамағат” ұйымының қызметіне тыйым салынған. 2013 жылы ақпанда Астана соты ұйымды экстремистік деп таныған. Қазақстан билігі “Таблиғи жамағат” ұйымы халифат құруды көздейді деп санайды.

Талқылау