Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда түрмеге жабылған Ахметов енді 162 теңге салық төлемеді деп шатылып жатыр

10 жылға сотталаған Серік Ахметовтің артына енді салықшылар шам алып түсті. Экс-премьердің меншігіндегі жер мен мүлік салығы төлемін 20 күнге кешіктірді деген құзырлы орган сотқа шағымданып, қарызды күштеп өндіріп алуға қол жеткізген.

9ff9103bdc168f14544832c8e97

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Сондағы төленбеген жер салығы 162 теңге! Ал баспана салығының бір жылдық берешегі 140 мың теңге екен. Салық кодексі бойынша Ахметов оны 2015 жылдың 31 қазанына дейін төлеуі тиіс болған. Бірақ, экс-премьер сот сергелдеңімен жүріп, оған мән бермегенге ұқсайды. Мерзім өте сала қашып кетеді деп ойласа керек, салықшылар қарашада сотқа шағымданып, қарыздың үстіне 3 мың теңге қосып төлеуге міндеттепті.

Естеріңізге салсақ, экс-премьер Серік Ахметов Қарағанды облысын басқарған кезде қылмыстық топ құрып, мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен 10 жылға түрмеге қамалған болатын.

Талқылау