Қарағандыда сотталған ер адам көпірден секірем деп елді дүрліктірді (фото)

Сәрсенбі, 20 Шілде , 2016 13:56

Қарағанды қаласының темір жол вокзалы аумағында полиция көпірден секірем деп қорқытқан 33 жастағы ер адамды төменге түсірді.

20160720115805

Ер адам көпір қанатына мініп алып, сол жерден келіссөздер жүргізген. Полицияны да өзі шақырғаны белгілі болды. Одан бөлек, прокурор мен туыстарын шақыруды талап еткен. Полиция қызметкерлерінің өтінішімен, оның әйелі келді. Дәрігерлер мен психологтардың көмегі қажет болған жоқ. Полициямен сөйлескен соң, ер адам көпірден түсіп, көлікке отырды.

20160720115811

“20 шілде күні таңғы 09:30-да Қарағанды ІІБ жедел басқару орталығының “102” нөміріне 33 жастағы ер адам хабарласып, көпірден секіргісі келетінін айтқан. Оқиға орнына барлық төтенше қызметтер шықты. Ер адамның бұрын ұрлық үшін сотталғаны анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамды осындай іске қаржылай қиындықтар итермелеген”, – деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

20160720115815

Оның айтуынша, істі талқылау үшін ер адамды оқиға орнынан прокуратураға алып кетті. “Әрекеттің себеп-салдары мен мән-жайы анықталуда”, – деп толықтырды Б.Құдияров.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру

Ериккенин ермеги десейшиии

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
25.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар