Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда сiбiр жарасын жұқтырған 2 адам көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова Қарағанды облысында кеше сiбiр жарасын жұқтырды деген күдiкпен ауруханаға жеткiзiлген алты адамның екеуi көз жұмғанын растады.

vrach

“Алты адам ауруханаға түстi. Екi адам қайтыс болды. Төрт адамды емдеп жатырмыз. Бiреуi облыстық ауруханада, үшеуi Шет аудандық ауруханада жатыр. Медициналық мекемелерге келген азаматтарға қажеттi ем-домды жасап жатырмыз”, – дедi Т.Дүйсенова бүгiн Үкiмет отырысынан кейiн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, адамдардың қандай аурудан қайтыс болғаны қазiр анықталып жатыр.

“Бұл сiбiр жарасы ма, басқа ауру ма – мұны санитарлық-эпидемиялық қызмет анықтайды. Қазiр бұл қызмет қажеттi зерттеулерiн жүргiзiп жатыр. Адамдардың не себептен қайтыс болғаны анықталғаннан кейiн Ұлттық экономика министрлiгi бұл жөнiнде мәлiмдеме жасайды”, – дедi министр.

Айта кетейiк, бүгiн бiрқатар ақпарат құралдарында Қарағанды облысында “сiбiр жарасы” деген күдiкпен ауруханаға жеткiзiлген 2 адамның көз жұмғаны хабарланған болатын.

Талқылау