Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда шенеунік комиссия үшін қарамағындағылардан 50 000 теңгеден жинаған

Қарағанды облысында қаржы департаментінің басшысы Асқар Нұрпейісов министрліктен келетін комиссияны қарсы алу үшін қарамағындағы қызметкерлерден ақша жинағаны үшін төрт жылға сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

6ca8dfc9-bcf4-4f99-a519-bd92f9a5fbdc

Іс материалдарына қарағанда, Асқар Нұрпейісов өзінің үш орынбасарынан 50 000 теңгеден жинаған. Ол бұл тапсырманы өзінің орынбасары Бану Ахметжанованы кабинетіне шақырып алып берген.

Қазыбек би аудандық сотының судьясы Айгүл Мұрзабекованың айтуынша, орынбасар “басшысына жақпай қалмас үшін” оның бұл тапсырмасына қарсылық көрсете алмаған.

“Ахметжанова амалсыз келісім берген. Айыпталушы өзінің құқығы мен өкілеттілігінен тыс әрекетке барып, азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарына нұқсан келтірді”, – деді судья.

Сондай-ақ, департамент басшысы барлық аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің басшыларына да сондай “салық салған”. Бану Ахметжанова конвертке салып 150 000 теңгені әкеліп береді.

Көп ұзамай Нұрпейісовты облыстық жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының өкілдері ұстады. Бастапқыда шенеунік өз кінәсін мойындап, прокуратурамен процессуалды келісімге келген. Алайда сот залында ол келісімнен бас тартатынын айтты. Судья істі қайта прокуратураға жіберіп, жалпы негіздемеде зерттеуді бастайтынын жариялаған. Облыстың бас қаржыгері кінәсін мойындамайды. Ол ақша жинау арқылы пайдакүнемдікті мақсат етпегенін, тек “ұлттық қонақжайлылықты” көрсеткісі келгенін айтыпты.

“Менде оған өзімнің 100 000 теңгемді қосқым келді, бірақ ұжым дұрыс түсінбей қалар деп қоспадым. Сол себепті мен ақша жинауды тоқтаттым. Мен ол ақшаны қолыма алған жоқпын. Орынбасарым маған жала жауып тұр”, – дейді Асқар Нұрпейісов.

Айыпталушы Шығыс Қазақстанда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да жоғары қызметтерде істегенін, қызмет барысында ешқашан абыройсыздыққа қалмағанын, үнемі құрметке ие болғанын да айтыпты. Бірақ, сот оны бәрібір Қылмыстық кодекстің 362 бабы “Қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану” бойынша айыпты деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол департамент басшылығына 2013 жылдың қараша айында келген.

Оқи отырыңыз:

ҚР жаңа Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Елбасы сот жүйесі туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Еліміздің жеті облысына жаңадан прокурорлар тағайындалды

Мәсімов, Жақсыбеков, Мұхамедиұлы Астанадағы марафонда жүгірді (фото, видео)

Талқылау