Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда салмағы 200 келі болатын әйел үш күн бойы далада қалды

Қарағандыда салмағы 200 келі болатын әйел 7 қабаттан түсіп, бірақ қайта көтеріле алмай қалған. Үйде лифт те жұмыс істемейді екен.

654

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Күлиям Мұхамеджановаға ақырында подъезде отырып, көмек күткеннен басқа шара қалмаған.

Ол кеше ғана құтқарушылардың көмегімен өз пәтеріне көтерілді. Бұған дейін үш тәулік бойы көше мен подъезде мекендеген. Бұл уақыт ішінде ол не тамақтанбаған, не ұйықтамаған. 7 қабаттан сіңлісінің көмегімен түсіп, емханаға барғанымен, қайтар жолда өз бетінше жоғарыға шыға алмай қалыпты.

“Мен үш жыл көшеге шықпадым. Тек көшеге шығып, таза ауа жұтып отырғым келді. Отырдым, отырдым, ақырында аяғым істемей қалды”, – дейді 1 топтағы мүгедек Күлиям Мұхамеджанова.

Ал үйдегі лифт үш жылдан бері істемей тұр. Ол бастапқыда көшеде түнеген, кейін туыстары 20 жасөспірімнің көмегімен 1 қабатқа шығарып, кілемге орналастырған. Шақырылған полиция мен жедел жәрдем келуден бас тартыпты. Тек жексенбі кешке келген құтқарушылар әйелді көтеріп, өз пәтеріне шығарған.

Ал пәтер иелері кооперативі қызметкерлерінің айтуынша, үш жыл бұрын лифттің моторы өртеніп кетіпті. Оның жөнделуі үшін тұрғындар әлі 280 мың теңге жинап берулері керек.

Оқи отырыңыз:

Түрмедегі балалардың өмірі қалай өтіп жатыр?

Алматыда адам өлтіріп, бопсалап және адам ұрлағаны үшін полиция полковнигі тұтқындалды

Қазақстандықтардың банк карталарынан ақшалары жоғалып кетіп жатыр

Желіде Қызылорда облысы жолдарындағы түнгі “рэкеттердің” видеосы пайда болды (видео)

Талқылау