Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда Президенттік шыршаға қатысқан балаға планшеттер сыйға берілді

Қарағандыда «Олимпия» мейрамхана кешенінде ҚР Президентінің атынан дәстүрлі Жаңа жылдық шырша өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

20151224173733

Мерекеге барлық өңірден – балалар үйінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасылардың балалары, оқу үздіктері, байқаулар мен жарыс  жеңімпаздары  – 180 бала шақыртылды. Жас қонақтар көңіл көтеріп, жасыл шыршаны айналып, ән шырқады. Жаңа жылдық ертегіде бүлдіршіндер Жібек жолымен саяхаттады. Сценарийдің аты – Мәңгілік Ел.

20151224173740

Үлкен экранда ел Президентінің бейнеқұттықтауы көрсетілді. Мемлекет басшысы биыл балалар ерекше еңбектенгенін, шыршаға ең дарынды, ең әдемі және белсенді балалар шақыртылғанын атап өтті. Н. Назарбаев балаларға жаңа 2016 жылы сабақта жақсы оқып, мықты, дендері сау болуын тіледі.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысушыларға ҚР Президентінің атынан сыйлықтар ұсынды.  Әр бала планшет, бадминтон спорт ойыны және  тәттілер мен 15 мың теңгелік сертификат алды.

20151224173743

«Мемлекет басшысы балалардың өзін денсаулығы зор, салауатты өмір салтын ұстанған, спортпен айналысқан, жетілген, бақытты, білімді ұрпақ ретінде сезінуі үшін бар жағдайды жасайды. Өскенде кім болатындарың өздеріңе байланысты. Отанымыздың нағыз  патриоты, батыры болатындарыңа сенемін, себебі Қазақстанның келешегі сендердің қолдарыңда», – деп балаларға тілегін білдірді облыс әкімі.

20151224173736

Талқылау