Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда полиция 33 жыл бұрынғы қылмысты ашты

Қарағанды полициясы 33 жыл бойы базада сақтаулы тұрған саусақ іздерінің арқасында екі әйелді өлтірген қылмыскерді ұстады.

Безымянный

ҚазКСР ІІМ милиционерлері 1984 жылдың 5 шілдесінде пәтерден екі әйелдің денесін тапқан. Анықталғандай қылмыскерлер 23 және 26 жастағы екі қызды ішімдік ішкеннен кейін пышақтап кеткен.

«Милиция қызметкерлері оқиға орнынан 11 саусақ ізін тапқан. Оның тоғызы ұқсас болып шықса, екі саусақ ізі анықталмаған. Полицейлер 33 жыл бұрынғы саусақ іздерімен салыстырып, күдіктінің саусақ іздерімен сәйкес келетіндігін анықтады. Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қылмыс жасаған кезде әлгінің жасы 23-те болған. Ол 26 жастағы әйелдің үйінде қонақта болғанын, ішімдік ішкеннен кейін араларында жанжал шығып, оның 23 жастағы құрбысы мен пәтер иесін өлтіргенін мойындады.

Оқи отырыңыз:

Қызылордалық оқушылар мектепке жеткенше екі рет киім ауыстыруға мәжбүр (фото)

Халықты тонауды тоқтатыңыз: Ашынған ата-аналар министр Сағадиевке ашық хат жолдай бастады

Енді неке қиюға өтінішті мобильді қосымша арқылы беруге болады

Шымкентте діндарларға қатысты өткен арнайы операция құпия ұсталуда

Талқылау