Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда полицейлер ескерткішке мінген мас жігіттерді қуды (видео)

Қарағандыда көшедегі бейнебақылау камерасының назарына Қасым Аманжоловтың ескерткішіне мініп алған екі жас жігіт ілініп қалған.

ерер

Тентектерді біреу суретке де түсірген. Ескерткішке полицейлер барамын дегенше, олар қылжақтап, камераға күліп ойларына келгенін істейді. Ал тәртіп сақшыларын көрген кезде бірден алды-арттарына қарамай қаша жөнеледі. Алайда көпке ұзап кете алған жоқ.

“Жас жігіттер ұсталып, полция бөлімшесіне жеткізілді. Олар ескерткішке мінген кезде ішімдік ішіп алған екен. Олардың үстінен бірнеше бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде қоғамдық орында мас күйінде бұзақылық жасау бабы да бар”, – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Талқылау