Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда полицей әріптесін атып қойды

Қарағанды Ішкі істер басқармасының Орталық полиция бөлімінде полиция қызметкері әріптесіне оқ атты. Зардап шегуші қолына алған жарақатпен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, табельді қарудан оқ кездейсоқ атылып кеткен. Тапаншадан атқан полицей қызметтік көліктің жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Зардап шегуші – Орталық аудандық ішкі істер бөлімі анықтау бөлімінің анықтаушысы. Полиция қызметкері қызметтік кабинетте тапаншаны неліктен алып шыққаны және оның табельдік қаруды қаншалықты пайдалану білетіндігі қазір анықталу үстінде.

Прокуратурадан мәлім еткендей, күдікті қамауға алынған жоқ. Оған қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оқи отырыңыз:

Мемлекеттік марапатқа ие болған Сиви Махмуди жұрттың сынына ұшырады

Түркия халқы Мейрамбек Бесбаевты шашу шашып қарсы алды (фото, видео)

Баян Мақсатқызы: Менен көмек сұраған әр әйелді тұрмыстық зорлықтан қорғайтын боламын

Жұлдыз Өмірғали алғаш рет Айқын екеуіне қатысты бар шындықты айтты

 

 

Талқылау