Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда өзін қорқытқан жасөспірімге киллер жалдаған 19 жастағы жігіт сотталды

17 жасар жігіт сотталып жатқан азаматты қорқытып ақша талап еткен. Қарағандыдағы  мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында 19 жастағы жігіттің ісі қаралып жатыр. Ол өзін қорқытқан адамға киллер жалдап, адам ұрлап он өлтіруге тапсырыс берген, деп хабардайды nv.kz.

сотттт

Істі қарау кезінде 17 жасар жігіт осы жылдың қаңтарынан бастап 19 жастағы азаматтан 100 тауып беруін талап етіп келген.  Өзінен екі жас алкен жігітті әбден қорқытқан жасөспірім «қарызын» заңдастырып та үлгерген. Бұлай дейтініміз жігіт сотталушыға өзіне «қарыз» екенін күштеп қағазға жаздырып та алған. Егерде айтқан қаржыны жеткізбесе аяусыз соққыға жығатынын жда ескертіпті.

Әбден  шошыған жігіт тығырықтан шығудың жолын іздеген. Ең соңында 19 жастағы қарағандылық  ізінен қалмай қойған жігітті өлтірту үшін киллер іздеген.

Осы  кезде іске  облыстағы ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің мамандары араласады. Басқарма  қызметкері киллердің рөлін сомдайды.

Жігіт «өлтірілген» адамның суретін көрсету кезінде ұсталған. Осылайша облыстық тәртіп сақшылары жасөспірімге жасалғалы тұрған қастандықтың алдын алған. Ал 19 жастағы қарағандылық қылмыстық кодекстің 5 бабы бойынша жауапқа тартылатын болады.

 

Талқылау