Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда оқушының сабақ үлгерімін тексеру үшін ата-аналарға арналған ұялы байланыс қолданбасы іске қосылды

Бағдарлама негізінде ата-аналар баланың сабақ үлгерімін, білімін қадағалай алады. Сондай-ақ, ата-аналар бірлестігін құрып, мұғалімдерімен кейбір мәселелер туралы талқылай алады.

10695326

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Bilimal.kz ақпараттық және білім саласы порталының бастамасымен “Edu-Mark” мобильді бағдарламасы іске қосылды. Мобильі бағдарлама Қарағандының 8 мектебінде қолға алынды.

Сонымен қатар, бағдарламадан сабақ кестесі  мен әр пән бойынша оқушының орташа бағасын білуге, сынып жетекшісі арқылы байланысқа шығып, алдағы болатын бақылау жұмыстары не ата-аналар жиналысы сынды ақпараттарды оқуға болады.

«Мұғалім тек оқушының үлгеріміне қарай бағасын қояды, қалғанының барлығын баңдарлама өзі реттейді. Бұл бастама ата-аналардың да баланың сабағын қадағалауына мүмкіндік тудырып, оқушының сабақ оқуға деген білімін арттырады деп ойлаймын», -дейді Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, бұл бағдарлама Қарағанды облысының білім басқармасының тапсырысымен республика аумағында тұңғыш рет қолға алынып отыр екен. Аталған бағдарлама  2016 жылдың ақпан айынан бастап, Android и  IOS жүйесінде іске қосылады.

Қазіргі уақытта бағдарлама Қарағандының 8 мектебінде пилоттық жоба түрінде жұмыс істеп жатыр.

Талқылау