Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда массаж салонының иесі бақуатты ер адамдарға интимді қызмет көрсетті деп айыпталып жатыр

Қарағандыда ер адамдарға арналған массаж салонының иесі притон ұйымдастырды деп айыпталып жатыр. Тергеушілердің сөзінше, массаж жасайтын қыздар элиталы клиенттерге интимді қызмет көрсеткен. Алайда ондағы жұмысшылар бұл айыптаумен мүлдем келіспей отыр.

Қарағандыда массаж салонының иесі бақуатты ер адамдарға интимді қызмет көрсетті деп айыпталып жатыр

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Салонның иесі интимді қызмет көрсетілмегенін айтуда. Алайда қоластындағы массажшы қыздардың сұлу, жас әрі жартылай жалаңаш жүретіндерін, ал клиенттерінің бақуатты ер адамдар екенін жасырмады.

«Басқа 13 салонның жабылатын туралы естіген жоқсыздар ғой. Бұл жерге мен ғана келіп отырмын. Жезөкшелікке, жеңгетайлыққа тыйым салынған. Алайда заңда эротикалық немесе боди-массажға тыйым салынғаны туралы жазылмаған. Сондықтан мен қыздардан өздерінің интимді қызмет көрсетпейтіні туралы қолхат алғанмын», – дейді айыпталушы Олеся Мариинская.

Алайда Олеся қарамағындағы массажшы қыздардың бәрі аталған ережені ұстана бермейтінін мойындады. Айтуынша, тәнін сатқан жұмысшыларын өзі ұстап алып, жұмысынан босатқан. Ал айыпталушының қорғаушысы да эротикалық массажлың жезөкшелік еместігін айтуда.

«Полицейлер статистерге ақша беріп, олардың салонға барып, массажшылардың қызметін қолдануын сұраған. Өз кезегінде статистер массаж жасатып шыққан. Полицейлердің пікірінше, олар жезөкшелермен жыныстық қатынаста болған», – дейді қорғаушы Игорь Кирьянов.

Өз кезегінде қорғаушы сот төрағасына эротикалық массаждың не екенін көрсету үшін, тәжірибе жүргізіп көруді ұсынды. Алайда сот төрағасы оның бұл ұсынысын қабылдамады.

Ал салонда жұмыс істеген қыздардың сөзінше, жұмысқа қабылданар кезде олардан медициналық кітапша мен массажист сертификаты талап етіліпті. Ал жалақы ретінде түскен ақшаның белгілі бір пайызын алып отырған.

Ендігі өңірдегі танымал салон жабылды. Ал сот тыңдалымы жалғасып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау