Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда құрылыс фирмасының күзетшісі кішкентай балаларды зорлаған

 

Аудан аралық мамандандырылған сотта 32 жастағы құрылыс фирмасының күзетшісіне үкім шығарылды. Ол “кәмелетке толмаған балаларды жыныстық мәнде зорлағаны үшін” және “бұл әрекетке бірнеше рет барғаны үшін” айыпталды.

3_main

Сурет derencephalocele9.rssing.com

“124 бап, 3 тармақ бойынша 19 жағдай тіркелді. Тағы бір жағдай 124 баптың 1 тармағы бойынша көрініс тауып отыр. Айыпталушы жазасын 10 жыл бойы қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сондай-ақ, оған өмір бойы педагогтық жұмыспен айналысуға тыйым салынды”, – деп хабарлады Қарағанды облыстық қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған аудан аралық соттың баспасөз қызметі.

Зардап шегуші екі баланың анасы шағым түсіргеннен кейін педофил қолға түскен. Ата-аналары балаларының телефонынан ер адамның жазған хаттарын оқып қойған. Күзетшінің жыныстық зорлау жасағанын балалары да айтып берген. Олардың сөзінше, ер адам балалармен аулада танысыпты. Сенімдеріне кіріп алған соң, қорқытып-үркітіп өз дегеніне көндіруге тырысқан.

Полицейлер күдіктіні құрылыс жүріп жатқан нысанда ұстаған. Тіпті оны құрықтау кезінде бір баладан хабарлама да келіп жатқан. Нәтижесінде, тергеушілер оның 20 балаға зорлық жасағанын анықтаған.

21 сәуір күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен педофилдерге химиялық кастрация жасату туралы бұйрық та өз күшіне енген болатын.

Талқылау