Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда куәгерлер автобус кондукторларының төбелесін видеоға түсіріп алды

Полицейлер қаланың орталық даңғылында төбелескен Қарағанды автобус паркінің екі қызметкерін тұтқындады. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

9999

Сурет fotobus.msk.ru

Куәгерлер бір-біріне жұдырық ала жүгірген кондуктарларды ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Сондай-ақ, төбелес барысында тағы бірнеше адам бар.

Полиция төбелеске қатысқан екі негізгі кондукторды, бейнебақылау камералары арқылы оңай қолға түсірген.

“Ереже бұзу фактісі Бұқар жырау даңғылы бойында орын алды. Оқиға орынына полиция қызметкерлері жедел жетті. Жол-патрулдік полиция қызметкерлері жедел іздеу арқылы 35 және 32 жастағы қоғамдық көлік қызметкерлерін ұстады. Кейінірек олар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Түсініктеме алынуда”, – делінген хабарламада.

Аталған факті сотқа дейінгі зерттеу бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК 293 бабы 1 тармағы бойынша жауап алынуда.

Талқылау