Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда төсек астынан өлі сәби табылды

Қарағандыдағы жер үйлердің біріндегі керует астынан нәрестенің өлі денесі табылған. Үйде ішімдік ішкен анасы мен әжесі болған екен.

morning_picdump_135_640_34

Қарағандыда керует астынан өлі сәби табылғаны туралы, ІІБ баспасөз қызметі хабарлайды.

“2016 жылдың 16 қаңтарында жер үйлердің біріндегі керует астынан қайтыс болған нәресте табылды. Сәби қыз бала екен. Жедел-тергеу тобы жеткен кезде, үйде ішімдік ішкен анасы мен әжесі болған”, – делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК 119 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіледі.

«Патологоанатомиялық зерттеулерге сәйкес, сәби бүкіл денесі жаурағандықтан шетінеп кеткен. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр»,- деп мәлімдейді ІІД.

Аталған іс сотқа дейінгі тергеу жұмыстары құжатында ҚР ҚК 3 бөлімі, 119 «Қауіпті жерде қалдыру» бабына сәйкес тіркелді.

Талқылау