Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда келіншектерге қасақана СПИД жұқтырған таксиші түрмеден құтылды

Елімізде жыныстық қатынас арқылы СПИД таратқан адамға қатысты алғаш рет сот үкімі шықты. Қарағандылақ такси жүргізушісі өзінің сырқатын біле тұра бірнеше әйелге емі жоқ ауруын жұқтырған,-деп хабарлайды ктк арнасы.

285e3191f7af5d0c485c9f905734cfdf

Ауданаралық сот 40 жастағы азаматқа 4 жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Өйткені ол кесел жұқтырған әйелдердің алдынан өтіп, өтемақы төлеген соң олар да арызданбапты. Ендігәрі кеселді жан баласына жұқтырмаймын дегеніне прокурор мен сотты да сендіріпті.

«Араққа салынған, сондықтан оны сот мәжбүрлі түрде емдеуге міндеттеді. Сонымен қатар облыстық СПИД орталығының да бақылауына үзбей келіп тұруы керек. Бұл шарттар орындалмаса қайта жазаға тартылуы мүмкін»,-дейді Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева

Талқылау