Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қатты желге төтеп бере алмаған аялдама ұшып кетті

Қарағандыда қатты желге төтеп бере алмаған автобус аялдамасы бір қапталына қарай төңкеріліп қалған.

вввв

Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.

Суреттерді әлеуметтік желі қолданушылары да жаппай жариялап жатыр. Олардың айтуларынша, аталмыш аялдама биылғы жылдың жаз айында орнатылған екен. Қатты соққан желге шыдамай, ұшып кеткен.

“9 желтоқсан. Тамаша таң болды. Жел ағаштардағы соңғы жАапырақтарды және аялдаманы да ұшырып әкетті”, – деп жазады авторлардың бірі.

Безымянный

Куәгерлердің айтуынша, аялдама Язев көшесі бойында, 27 ықшамауданда орналасқан екен.

Синоптиктердің болжамынша, Қарағанды облысында ауа-райы күрделенеді. Қазгидромет бұл өңірде қар жауып, жел тұрып, тұман түседі деп болжаған. Осыған байланысты Екатеринбург-Алматы автожолындағы қозғалыс шектелген.

Оқи отырыңыз:

“Болашақ” бағдарламасымен оқуға аттанып ұшты-күйлі жоғалған Ержан Еліков АҚШ-тан табылды

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын салафиттерге қатысы бар қылмыс әлемінің атышулы серкесі басқарған

9 жасар оралман қыздың министрге жазған хаты қазақстандықтардың жүрегін ауыртты 

Қазақстан жол апатынан қаза табатындар саны бойынша бірінші болып тұр

Талқылау