Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қаржы пирамидасына 1 миллиард теңгесін салып жіберген тұрғындар сан соғып қалды

Қарағандыда қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарды сан соқтырған әйел ұсталды. 40 жастағы Елена Колесникова «Оптовка» атты мекеме ашып, елден 1 миллиард теңгеге жуық ақша жинаған деп хабарлайды КТК арнасы.

1a5cfd44cdc0d39963827bbb9b1

Фото: Kapital.kz

Құзырлы орындар дер кезінде қимылдап үлгеріпті. Әйтпесе, ол әйел бала- шағасын алып, шетел аспақ болған екен. Ал күмәнді ұйымға миллиондаған қаражатын салғанып, алданғанын әлі түсінбеген тұрғындар оны заңсыз қамауға алды деп шу көтеруде.

«Оптовка» мекемесінің есіктері қазанның 5- нен бері жабық. Өйткені оның бастығы қаржылық құйтырқы әрекетке барды деген күдікпен ұсталған.

Колесникованың қолына кісен салынғанда тұрғындар оны босатуды талап етіп, прокуратура алдында шу шығарды. Айтуларынша, осы «Оптовкаға» құйған сомаларының үстемақысын апта сайын алып келіпті. Жарнамасы жер жарғасын жұрт пирамидаға қолындағысын, жоқтары несие қаражатын қаптап тасығанға ұқсайды.

“Басында бәрі ойдағыдай болды. 2 миллион теңге салым салып екі айдың ішінде қомақты үстемақы алдым. Компания басшысы ешкімнің қаражатын жеп жатқан жоқ. Неліктен дұрыс жұмыс істеп тұрған мекеменің жұмысына кедергі келтіреді органдар?”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Виталий.

Жұрт осылай десе де, прокуратура Елена Колесниковаға қаржылық пирамида құрды деген айып тақты. Олар күдіктіде жұртқа оңды-солды үстемақы үлестіретін байлық жоғын айтады. Сондықтан қаражатты уыстап әкелген бірінікін екіншісіне беріп отырған дейді. Тергеу кезінде оны абақтыда ұстауды да соттан талап еткен.

“Күдіктінің тұрғылықты жерінің болмауына байланысты, тұрып жатқан үйінің жалдамалы болуына байланысты, сонымен қатар қылмыстың ауырлығына қарап және де кәмелетке толмағаны балаларын шетелге шығаруға тырысу фактісіне байланысты сот бұлтартпау шарасын қабылдады”, – деді Октябрь аудандық сотының баспасөз хатшысы Гүлнұр Жукина.

Прокуратура мен соттың алдында Колесникованы бостауды талап еткендердің қарасы қалың. Тасада бармағын тістеп тұрғандары да көп сияқты. Өйткені Қарағанды, Теміртау және Астанада жыл басынан бері қызу жұмыс істеген компанияға 1 миллиард жуық теңге тасығаны белгілі. Ал Елена Колесникованың өзі енді тергеу аяқталғанша кемі 2 ай абақтыда отыратын болды.

Оқи отырыңыз:

Саясаттанушы сауда орталығындағы сатушының қазақша сауалына жауап бермей дауласқанына ашынды

Жұмыртқа жеудің денсаулыққа пайдасы

Семейде жас жігіт ішімдіксіз өтіп жатқан кешке қызу келгені үшін әріптесін ұрып тастады

БҚО-да көше бойында ауыр жараланған ер адам есін жимастан көз жұмды

Талқылау