Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда итіне бола адам өлтірген азамат 14 жылға сотталып кетті

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ел естімеген қылмысты қарады. Сотталушы Р. есімді азамат бірге спирттік ішімдік ішкен жолдасын итіне пышақ тигізгені үшін о дүниеге аттандырған.

Mad_dog

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Р. есімді азамат пен Т. есімді азамат арақ ішіп отырып, масайғанда, Т.есімді азамат дастархандасының итін пышақтап тастаған екен. Иттің иесі бола бұған қатты ашуланып, Т. есімді азаматтың мойны мен арқасын өткір затпен ұра берген. Төбелес салдарынан Т есімді азамат тіл тартпай қаза табады. Ол – Ресей Федерациясының азаматы болған.

Ал, Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі маманданырылған ауданаралық соты анықтағандай, Р. есімді адам өз әйелін өлтіргені үшін сотталып, 2006 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Ал, енді ит үшін адам өлтіріп тағы 14 жылға сотталып отыр. Судья оны қатаң режимдегі түзеу колониясына қамау туралы үкім шығарды.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда жалған лаңкестікпен айыпталған іс бойынша физика мұғалімі сотталды

Бойжеткен: Тоқал аламын деп емес, тоқал алдым деп айқайлайықшы

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Талқылау