Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ішіп рөлге отырғаны үшін жазаланған шенеунік аудан әкімі болып тағайындалды

Қарағандыда ішіп рөлге отырғаны үшін жазаланған шенеунік аудан әкімі болып тағайындалды. Бір қызығы, Әлімжан Қанаев дәл тағайындалардан бірнеше сағат бұрын осы қылығы үшін тәртіптік кеңестен қатаң сөгіс алған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

акву

Полицейлер көлік тізгініндегі 35 жастағы Октябр ауданы әкімінің орынбасары ішімдік ішкен деп күдіктеніпті. Бірақ Әлімжан Қанаев медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан. Осы үшін бұрынғы аудан әкімі орынбасарын 11-ші сәуірде сот 2 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды. Әйтсе де, осы әрекеті үшін тәртіптік кеңестен сөгіс алған Қанаев жарты күн өтпестен Октябрь ауданының әкімі боп шыға келді.

Сөгіс бергендердің өзі бәрі бұлай тез болады деп ойламаса керек. Ал тасы өрге домалағыш жас әкімнің Мәжілістің экс-дептутаты Серікжан Қанаевтың ұлы екенін айта кетейік. Қазір үлкен Қанаев осындай қылық көрсеткен шенеуніктерді жазалайтын мемлекеттік қызмет агенттігі қоғамдық кеңесіне төрағалық етіп отыр. Десе де, су жаңа әкімнің енді жеке жүргізушісі мен қызметтік көлігі бар. Сондықтан ол жүргізуші куәлігінен айырылғанына қатты қынжылмаған сыңайлы.

“Сараптамадан өтуге қарсылық білдіргенімді мойындаймын. Бірақ полиция айтқанына емес, басқа сараптамаға барғым келген. Мұным қате болыпты. Заңның аты заң, хаттама толтырылды. Сөйтіп, өзімнің құқығымды қорғай алмай қалдым. Сөйтіп, әкімшілік жаза алдым”, – дейді Октябрь ауданының әкімі Әлімжан Қанаев.


Жіберіп алмаңыз:
Талқылау