Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда Геннадий Головкинге алтыннан мүсін қойылмақшы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге туған жері – Қарағанды облысының Майқұдық ауданында алтыннан мүсін орнатылуы мүмкін. Қазір мүсіншілер жобаны әзірлеп жатыр.

9ea3fbeeadbab5fe5701664a6c67f0ce

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Мүсінші Гамал Сагиденовтің айтуынша, қазір ол жобаны жан-жақты талқылап жатыр. Геннадийдің мүсінін жасау – оның жанкүйерлерінің идеясы екен. Қарағандының бұл ауданында спортшының достары көп болғандықтан, олар “алтын” мүсін жасау идеясын ұсынған.

Қазір екібастұздық мүсінші мүсіннің макетін жасап жатыр. Әзірге ол “боксшының басын” ермексазбен ғана дайындап қойды. Мүсіннің өзі адам бойынан бір жарым есе биік болады және алтын жалатылған бояумен боялады. Сондай-ақ спортшының жанкүйерлері тапсырыстың ақшасын төлеуге қаражат жинап жатыр.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Лондондағы О2 аренада өтетін бокс кешінде Головкин орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британиялық Келл Брукпен (36-0, 25 КО) күш сынасады.

“Қазақстан”және KazSport телеарналары жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші Астана уақытымен түнгі 23:00-де басталады.

Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді. Сондай-ақ, әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің Головкинге жанкүйер болуы үшінбокс кешіне арнайы баратындығы айтылған еді.

Оқи отырыңыздар:

Диана Шарапова Геннадий Головкинді қолдау мақсатында клип шығарды (видео)

Ашық алаңда жаттыққан Головкинге Лондон халқы тамсана қарады (фото, видео)

Келл Бруктың Головкинмен жекпе-жегі үшін қанша қаражат алатыны белгілі болды

Головкин 2004 жылғы Олимпиададағы әділетсіздіктерді айтып берді

Талқылау