Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ер адам пойыз астына түсіп мерт болды

Теміржол бойында да қайғылы оқиға болды. Қарағанды маңындағы Сұрыптау елдімекенінде бір адам пойыздың астына түсіп, мерт болды. Марқұмның кім екендігі әлі анықталған жоқ.

1aas

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тек әзірге  көз жұмған  азамат 25-30 жас аралығында болуы мүмкін деген ақпарат қана бар.

Оқыс оқиға «Жұмысшы» ауылының негізгі темір жолдарында болыпты. Алдын ала мәліметтерге сай, ер адам тыйым салынған жерден өтпек болған екен. Бірақ істің мән-жайы әлі анықталып жатыр. Сондықтан жауапты органдағылар түсініктеме бермеді. Ал дәрігерлердің  сөзінше, шойын жолдың астында қалған адам есіне келмей  бірден қайтыс болған.

– “Жасы шамамен 25-30 аралығындағы азамат жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті. Алған жарақаттары өте ауыр болды. Қазіргі кезде оның кім екендігі әлі анықталған жоқ”, – дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі.

Жіберіп алмаңыз:

Пойыз терезесінен сыртқа қарамақ болған жігіттің басы жұлынып кетті

Шымкентте жас қыз құлаққаптың кесірінен пойыз астына түсіп көз жұмды

Ақмола облысында ауыр халде жатқан науқас терезеден секіріп мерт болды

Оралда екі жасар бала 5-қабаттан құлап, мерт болды

ШҚО-да екі ер адам канализация құдығында уланып көз жұмды

Павлодар облысындағы түзеу мекемесінде тұтқын төбелестен соң көз жұмды

Талқылау