Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда пәтер тонаған ұры 4-ші қабаттан секіремін деп қорқытты (видео)

Қарағандыда жас жігіт тұрғын үйдің төртінші қабаттағы балконынан секіріп кетемін деп жұртты қорқытуда.

11700134

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Жас жігіт Бұқар жырау даңғылы бойындағы үйлердің балконының бірінде жарты сағат бойы тұрды. Егер өзіне жақындаған жағдайда төмен қарай секіріп кетемін деп қорқытты. Оқиға орынына полиция, жедел жәрдем және өрт сөндірушілер де жетті. Төменнен куәгер адамдар жайма төседі.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам әкім және прокурордың келуін талап етіп отыр. Бейресми деректерге қарасақ, ол пәтер ұрлығы бойынша іздеудегі адам екен. Онымен келіссөзді өзін қылмыстық іздеу бөлімінің басшысы деп таныстарған полиция өкілі жүргізді.

Талқылау