Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда екі баланың өлімінен соң да дәрігерге әрі қарай жұмыс істеуге рұқсат етті

Қарағандыда стоматологияда жұмыс істеген анестезиолог екі баланың өлімі үшін айыпталды. Болжам бойынша, дәрігер ұсынған дәрі мөлшері адам өліміне апаратындай қауіпті болып шыққан.

Екінші баланың өлімінен соң дәрігер өз еркімен лицензиясынан бас тартты. Алайда жақын күндері қайта жұмысына оралды, деп жазады Sputnik.

Алғашқы қайғылы оқиға 13 жастағы қыздың өлімімен аяқталды. Бұл екі жыл бұрын болған. Ата-анасын Жезқазғаннан арнайы әкеліп қаратқан. Қыздың 16 тісін жұлуы тиіс еді. Мұны тез арада жасау үшін дәрігер анестезия арқылы ота жасамақ болады. Дәрігер қыздың тамырының ішіне екпе салады. Жасөспірімде анафилактикалық шок болған. Дәрігерлер қыз баланы аман алып қала алмады.

Осыдан соң анестезолог жұмысынан қуылды. Алайда лицензиясынан айырылған жоқ. Ол басқа стоматологияға жұмысқа орналасқан. Ондағылар дәрігердің бұрынғы өткенінен беймәлім еді. 2018 жылдың ақпан айында бір жарым жастағы бала анестезия салған соң көз жұмды. 14 сағаттан соң  баланың жүрегі тоқтап қалған. Баланың ата-анасы Ресей азаматтары. Әкесі Балқаш қаласында әскери қызметте. Баланы емдеу үшін Қарағандыға әкелген. Дәрігерлер бұл жолы да тістерін бір күнде емдеу үшін анестезия салып, ота жасамақ болған.

Оқиғадан соң стоматология жабылып қалды. Ал, анестезиолог лицензиясынан бас тартты. Полиция бұған қатысты пікір білдірген жоқ. Тергеу жүргізіп жатыр. Дәрігерге 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Бүгінде анестезологқа лицензиясын қайтарып бергені белгілі болды.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің орынбасары Ольга Смирнованың айтуынша, дәрігердің лицензиясын қайта беру туралы өтінішінен соң, бас тарту мүмкін болмаған.

«Дәрігер сертификатын беру туралы қайта өтініш жазды. Ол үшін дипломы мен өзге де құжаттары керек. Оның барлығы болғанықтан, сот ісіне қатысты шешім болмағандықтан біз сертификат беруге міндетті едік», – дейді Смирнова.

Қазіргі уақытта дәрігер өзге стоматологияға жұмысқа орналаспаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау