Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда босанған келіншекті дәрігерлер мүмкіндіктері бола тұра аман алып қалмаған

Қарағандыда перзентханада 33 жастағы келіншек көз жұмды. Айы күні жақындағанда ұлын дүниеге әкелгенімен, өзі жарты тәулікке жетпей жан тапсырған. Дәрігерлер іштен кеткен қанды тоқтату үшін қолдан келгенннің бәрін жасадық депті. Алайда іле шала жүрген тексеріс олардың былығын әшкерелеген, – деп хабарлайды КТК арнасы.

a3db086647ca21b0dae3cdcbef0770d4

Медицина сапасын бақылау комитеті Гүлзат Нәдірбековаға жүктілік кезінде қаралған емханадан бастап, перзентхана дәрігерлеріне дейін жіберген қателіктерді жіпке тізіп берді.

Бекарыс пен Жанасыл анасының суретіне көздері түссе жастарына тұншығады. Ал уызына жарымаған 2 айлық Жанқожаны апасы Манар мәпелеп отыр. Есі кірген екеуі есік ашылса анасы кіріп келердей әлі күнге елеңдейді.

“Бізге өте қиын болды. Арада екі ай өтсе де қиналып жүрміз. Құдды жайнап күліп есіктен кіріп келетін сияқты. Оның орны бөлек, туғанымнан артық еді. Үнемі жадырап жүргеніне қарап бір жері ауырады деп еш ойламайсың”, – дейді марқұмның қайын әпкесі Манар Әметова.

Дәрігерлер де қандай да бір қатердің барын айтпаған. Бірақ тоғыз ай бойы олар да бірнеше рет ауысыпты.

“Босанарға дейін 4 дәрігері  ауысады. Оның біреуі былай дейді, біреуі былай дейді. Біреуі Пришахтинсктегі перзентханаға барасың дейді, біреуі Михайловкаға барасың дейді. Мен шындықты ғана білгім келеді. Қазір алдыма қойған жалғыз мақсатым сол”, – дейді марқұмның күйеуі Мұхит Әметова.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде емханада босанарға дейінгі ем дом дұрыс жасалмаған боп шықты. Ағзадағы қанның ұюы нашар екені сонда анықталмаған, перзентхана дәрігерлері де қосымша тексеріс жүргізуді керек санамапты. Тіпті, кешкілік уақытта кесер тілігін жасағаннан таң атқанша оның халін білген жан болмаған.

Салдарынан, іш құрлыстан 5 жарым литрге жуық қан кетіп, шұғыл ота жасалғанмен бәрі кеш болды. Қортындыға сәйкес, бақылау мен көмек дер кезінде болғанда 3 баланың анасын аман алып қалуға мүмкін екен.

Өз жұмыстарын дұрыс атқара алмаған дәрігерлер жауапкершілікке тартылатын болады.

Талқылау