Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда BMW тізгіндеген студент жүргіншілер жолағында қызды қағып өлтірді

Қарағандыда студент жігіт BMW автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолағынан өткен қызды қағып кетті. Қыз оқиға орынында көз жұмса, оның құрбысы ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170516122909

Қатты соққыдан көлік те аударылып қалған. 20 жастағы қыздың басы ашық сынып, ішкі органдары зақымданып сол жерде қайтыс болады.

“15 мамыр күні 21:45-те 20 жастағы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай екі қызды соғады”, – деп хабарлады ІІД өкілі Бақытжан Құдияров.

Екінші зардап шегуші қыз ортопедия және травматология бөлімінде жатыр. Оқиға орынына келген полицейлер көлік жүргізушісін ұстаған. Ол жергілікті университетте оқитын студент екен. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында белгісіз бір топ қарулы адам бүтіндей бір отбасына оқ жаудырған

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Оралда депутат мұз айдынға шығып төбелесті (видео)

Талқылау