Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда BMW аялдамада тұрған адамдарды басып кетті (видео)

Қарағандыда BMW мінген 35 жастағы жүргізуші «Сауда-тұрмыстық орталығы» аялдамасында тұрған адамдарды қағып өтіп, павильонға соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің бригада 69 жастағы зардап шегушіні облыстық медицина орталығына жеткізді. 71 жастағы екінші жәбірленушіні құтқару мүмкін болмады», – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем» стансасындағылар.

Оқиға болған кезде аялдамада 8 адам тұрған. BMW жүргізушісі неліктен аялдамаға қарай жүргенін сот-автотехникалық сараптамасы анықтап жатыр. 35 жастағы жүргізуші ұсталды.

Аталған апат фактісі бойынша ҚК 345-бабына («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») сәйкес  қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Таиландта Шәмшінің әнін орындаған Баян Алагөзова желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Данэлия Төлешова өзінің арманы туралы айтып берді

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Талқылау