Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда бір отбасы мүшелері бес бірдей полицейді балағаттап, оларға қарсы күш қолданған

Қарағандыда полиция қызметкері мас азаматты тәртіпке шақырамын деп басы бәлеге қалды.Себебі тұрғын бірден оған бағынбайтынын көрсетіп, былапыт сөздер айтып, тәртіп сақшысына қарсы күш қолданған.

Полицей әріптестерін көмекке шақырған кезде ер адам азаматтық некедегі әйелі мен кәмілет жасына толмаған баласын жинап келген.

Полиция қызметкерімен алысып жатқан мас адамның көршілері дереу үйіндегі әйелін шақырып келеді. Ер адамның азаматтық некедегі әйелі де мас болған. Ол ұлымен бірге полиция қызметкелерін балағаттап, айтқандарына бағынбай қояды.

«Осы отбасымен болған қақтығыста бес бірдей полиция қызметкері зардап шекті. Сотталушылардың үшеуі де өз кінәларын мойындап, істеген қылықтары үшін өкінді. Сот кәмілет жасына жетпеген баланы да кінәлі деп үкім шығарды»,-дейді  Қарағанды Ішкі істер департаментінің өкілі.

Сот 18-ге толмаған балаға 1 жыл бас бостандығын шектеу үкімін оқыды. Оны Билік өкіліне қызметі барысында бағынбау, мемлекеттік қызметкерге күш қолдану бабы бойынша жауапқа тартқан.

Оқи отырыңыз:

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа ең алғаш ғашық болған кездері туралы айтты

Ақбота Сейітмағамбет актер Дидар Кәденмен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Британия әншісі қазақ қызының өнеріне тәнті болды (видео)

30 жасқа толған Сиви Махмуди дүркіретіп той жасады (фото, видео)

 

 

 

Талқылау