Қарағандыда күзетші қаншалықты жолы болғыштығын байқамақ болып өзін атқан

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 15:16

Қарағандыда банк күзетшісі өз-өзіне оқ атып аман қалған. Қазіргі таңда жігіттің денсаулығы қалыпты.

пистолет

Қарағанды қаласындағы банктердің бірінде күзетші болып жұмыс істейтін ер кісі өзінің басына оқ атып, облыстық медициналық орталыққа әкелінген. Оқиға дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні орын алған.

“Нұрбанктің” Қарағанды қаласындағы филиалының күзетшісі өткен түні “орыс рулеткасын” ойнаймын деп, өмірімен қоштаса жаздады.

Ауруханаға ауыр халде түскен ол аман қалыпты. Есін жинағаннан соң “ойнаймын деп от басқанын” айтты. Күзет фирмасының директоры Валерий Горожанкиннің айтуынша, банк филиалында түнгі күзетте қалған 20 жастағы күзетші тапаншаның бес оғын алып тастап, тек біреуін ғана қалдырып, өзінің басынан атқан. Осылайша ажалмен ашық ойынға барған ол, ми жарақатымен облыстық ауруханаға түскен.  7-10 күндей ем қабылдаған соң ол күндізгі ем қабылдау бөліміне ауыстырылмақ. Бірақ, көпті көрген дәрігелердің өзі бұл жағдайға жағаларын ұстап отыр.

«20 жастағы жігіт облыстық медициналық орталыққа жатқызылды. Бас сүйегіне сонша қатты жара ойық түспеген. Ол қазір уақытша емдейтін антибиотиктер қабылдап жатыр. Өмірі қауіп үстінде тұрған жоқ. Қайта, жеңіл жарақаттанған», – дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

«Аталған оқиға бойынша ер кісі абайсызда атып алды деген тұжырым жасалды. ҚР әкімшілік кодексінің 484 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар