Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда балаларды ұрып тәрбиелеген балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды

Қарағандыда жас балаға қатыгездік көрсеткен «Балақай» балабақшасының тәрбиешісі жұмыстан босатылды.

Bezymyannyy-72

Видеоны әлеуметтік желіде ұлдың ата-анасы таратқан. Дегенмен, олар бұл фактіні көпшілікке жариялау туралы шешім қабылдаған кезде, Қарағанды қалалық білім бөлімі бұл мәселені тексеріп, тәрбиешіні жұмыстан шығарып үлгерген.

«Ата-анасының шағымынан кейін, балабақша директоры ішкі қызметтік тексеріс жүргізді. Атап айтсақ, видеобақылау камерасындағы жазбаны қарап, тәрбиешіден түсініктеме алған, ата-аналар жиналысын өткізген. Өкінішке орай, факті расталды. Видеоматериалдар ата-аналарға берілді. Тәрбиеші 24 мамыр күні адамгершілікке жатпайтын әрекеті үшін жұмыстан босатылды», – деп хабарлады білім бөлімінің баспасөз қызметінен.

Жазаны тәрбиеші ғана алған жоқ. Балабақша директоры мен әдіскері де тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тағы да оқыңыз:

640 шетелдік Қазақстан азаматтығын алмақ

Шариғат қандай жағдайда түсік (аборт) жасатуға рұқсат береді?

Павлодар облысында кәсіпкер туған ауылының қауіпсіздігі үшін 10 млн теңге құйды

СҚО тұрғыны қарызы болғандықтан қаңғыбастар арасында тығылып жүрген

Талқылау