Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда әйелі қылмыскер көңілдесі үшін күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

Қарағандыда үш баланы анасы, балабақша тәрбиешісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170711163220

Күдіктінің бірі балабақша тәрбиешісі, бірі бұрын сотталған азамат. Үш баланың анасы теледидардағы «Хат арқылы танысу» бағдарламасы арқылы көңілдесімен танысқан. Айыпталушы әйел теледидарда көрсетілген нөмірге хабарласып, ер адаммен танысады. Ол жазасын өтеп жатқан сотталушы ер адам болып шыққан. Екеуі түрмеде отырғанда да бірнеше рет кездескен. Кейіннен қатынасы жақындай түскен соң әйелі өз күйеуін өлтіруді ойлайды.

2015 жылы күдікті ер адам түрмеден шығады. Екеуі бұрын бірге жазасын өтеген азаматты киллер ретінде жалдап, күйеуін өлтіру үшін оған 8 мың доллар берген.

Алайда киллер ақшаны алған соң күйеуін өлтірмей, ізін жасырады. Кейіннен оны есірткі қолданып отырған жерінен полицейлер қолға түсірді.

Бұл кезде де айыпталушы ер мен әйел күдіктіге хабарласып, ақшаны қайтаруын, болмаса орнына киллер тауып беруін сұрайды.

Кейіннен күдікті екеуінің жоспары жайында полицейлерге айтып берген.

Полицейлер киллер ретінде көңілдестермен сөйлесіп жоспар құрады. Полицейлер әйелден қосымша 100 мың теңге беруін сұраған. Әйел бұл ақшаны күйеуін өлтірген соң беруге келіседі. Ол полицейлермен кездесіп күйеуінің суретін беріп, оның қайда баратынын айтып берген. Осыдан соң полицейлер екі күдіктіні қолға түсірді.

Тағы да оқыңыз:

Жас жігіт жалға алған ойын приставкаларын базарға апарып сатқан

Баланың құлағынан құрттарды алып жатқан видео қазақстандықтарды шошытты

Шымкентте ер адам 15 жыл отасқан әйелін буындырып өлтірді

9 айлық баланы өлімнен арашалап қалған пойыз жолсерігін марапаттамақ

Талқылау