Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда әйел өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері тапсырысты адам өлтірудің алдын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170529175133

“ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел әрекет ету мамандары 41 жастағы әйелдің өз күйеуін өлтіруге тапсырыс бергенін анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Полицейлер тапсырыс берушінің 46 жастағы күйеуі – зардап шегушіні анықтап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қылмысты жасау үшін төленетін ақша мен орындаушыдан өлтірілуге тиіс адамның фотосын алу кезінде тапсырыс беруші әйел ұсталды”, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталған адам әрекетін мойындап, қазіргі кезде уақытша тергеу изоляторында отыр. Тексеру кезінде әйелдің өз күйеуін өлтіру әрекетіне бірнеше жыл дайындалғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде 17 жастағы қыз хат жазып қалдырып өзіне қол жұмсады

ШҚО-да 80 жастағы әже сүрініп кетіп немересінің көзінше суға батып кетті

БҚО-да әйел ұрлық үшін айыпталғаннан кейін асылып қайтыс болды

Павлодарда батутта секіріп көңіл көтерген анасы мен баласы өлім аузынан қалды

Талқылау