Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда әйел 9 жасар қызды жүргіншілер жолағында қағып өлтірді

Қарағандыда 24 жастағы әйел жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 9 жасар қызды қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170527125741

Оқушы қыздың үстінде мектеп формасы мен ақ алжапқыш болған. Ол №91 мектептен, соңғы қоңыраудан қайтып бара жатқан. Штурманская көшесімен келе жатқан әйел оны байқамай, басып өткен.

Дәрігерлер жеткіншекті көліктің астынан шығарды.

Қарағандыдағы Қазыбек би ауданының прокуратурасы әйелдің тұтқынға алынғанын хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп хабарланды прокуратурадан.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте жағармай бекеті өртеніп жатыр (видео)

Алматыда тек қарт кісілерді өлтіріп келген қылмыстық топ ұсталды

Өгей анасы 11 жасар Өркенді өлтіргенін мойындап, кешірім сұрады

Семейде ұшқан ақшаны ұстамақ болған қыз таңғажайыптың арқасында аман қалды

Талқылау