Қарағандыда ауыл әкімі көршісін балағаттап, басы дауға қалды

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 18:00

Былапыт сөйлеп көзге түскен Осакаров ауданындағы ауыл әкімінің мәселесі бүгінгі әдеп кеңесінде қаралды. Әкім Әбдіқасым Садықов өзіне тағылған айыптармен келісіп, алдағы уақытта өз-өзін ұстауға уәде берді.

mat1-614x580

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Әбдіқасым Садықовтың дөрекі сөздері оған байқатпай жазылып алынған. Әкімнің жергілікті тұрғындармен алысып келе жатқанына екі жыл болған. Оның айтуынша, мал бағып жүрген азаматтар сиырлардың бруцеллез ауруына шалдығуына байланысты жасалуы тиіс шараларды іске асырмайды екен.

Осы кезде әдеп кеңесінің мүшелеріне жазылған диалогтың жазбаша нұсқасы таратылды. Ешкім оны дауыстап оқымай, тек таңқалып бас шайқасумен болды. Ал әкім болса ақтала бастады.

“2009 жылдан бастап әкім болып келе жатырмын. Соңғы екі жыл бойы менің үстімнен шағым айтылуда. Өзімнің арымды қорғау үшін мен екі тұрғынды сотқа бердім. Қазір сотқа дейінгі кезең. Соңғы кездері менің үйіме, кабинетіме жазу аппараттарын алып келетіндер көбейді. Менде бұдан күдіктене бастадым. Сенбі күні үйге шағым айтып менімен көрші тұратын тұрғын келді. Онымен сөйлесу кезінде мен шынымен әдептен тыс сөйледім. Енді алдағы уақытта ондай қылықты қайталамауға уәде беремін”, – деді әкім.

mat-614x263

“Ауылда қалай болса солай сөйлейтініне үйреніп қалдық. Бірақ, әкімнің деңгейі жоғары болу керек ғой. Сіз қанша дегенмен ауылдың бет-бейнесісіз. Сол себепті олай сөйлеуге болмайды. Бұл апат! Өз-өзіңізді қайта тәрбиелегеніңіз жөн. Әрине, ауылда әкім болып жұмыс істеу бұл үлкен еңбек, қиын іс. Аз-маз ақшаға үлкен істер тындыруға тура келеді. Бірақ, бұл ақтап ала алмайды”, – дейді кеңес мүшесі Гүлнар Құрбанбаева.

“Жеті жылдан бері әкім бола отырып, сіз өзіңізді құрметтете, сыйлата білуіңіз қажет. Оның үстіне сіз сол ауылдағы президенттің өкілісіз. Бұл өте ауқымды қызмет!”, – деп атап өтті Серік Өтешов.

Жиналыс қорытындысы бойынша әдеп кеңесі Әбдіқасым Садықовқа қатаң сөгіс беру мәселесін Осакаров ауданы әкіміне жолдады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар