Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда аудан әкіміне зейнеткерге көмектеспек болғаны үшін айыппұл салды

Қарағандыда әкімшілік сот Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна Шатохинаны кәсіпкерлік іске заңсыз араласты деген айыппен кінәлі деп тапты.

ecfe6dfe4c75be50980d1d4e3979df97_XL

Бұл туралы Новый вестник хабарлайды.

Татьяна Шатохина сот отырысы кезінде өзіне Ержанов көшесіндегі №41 үйде тұратын тұрғынның келгенін айтты. Ол өз пәтерінің салқын екенін айтып шағымданған. Тұрғын өз үйінің төменгі температурасын бірінші қабаттағы “Анюта” дүкенінің орналастыруымен байланыстырған. Әкім оған көмек беруге уәде етіп, қарамағандағыларға аталған жағдайды қарастыруды тапсырған. Осыдан соң олар дүкенге аттанған.

Сот Шатохинаны шағын кәсіпкерлік нысанын заңсыз тексерді деп айыптап, оның әрекетін әкімшілік құқық бұзушылық деп таныған.

Кәсіпкерлік іске заңсыз араласқаны үшін әдетте 100 АЕК (212 100 теңге) айыппұл салынады. Алайда әкім өз кінәсін мойындағандықтан, сот жазаны жұмсартып, материалдық жаза өлшемін 30 пайызға қысқартқан. Нәтижесінде Татьяна Шатохина 148 470 теңге төлеуге міндеттелген.

Оқи отырыңыз:

Алматыда ер адамдарға жабыса кететін 700 жезөкше ұсталды

Шымкент әкімі “Уақытша тіркеу” туралы небәрі 50-секундта түсіндіріп берді

Алматыда қайыршы болып кеткен спортшының екі пәтері бар болып шықты

Қазақстандық әнші концерттен соң ұйықтағанда тылсым күш әсерінен қозғала алмай қалатынын айтты

Талқылау