Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда “Москвич” көлігін ұрлап әкеткен жасөспірім апатқа ұшырап, қаза болды

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан атасының «Москвич-412» маркалы көлігін айдап әкеткен 10-сынып оқушысы қаза тапты.

машина
Қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Абай ауданы Ақбастау кентінде орын алды. Жасөспірім атасының «Москвичін» айдап әкетіп, досымен жүргісі келген. Ол көлікті басқара алмай, автомобиль жыраға аударылды.

Жол-көлік апатында 10-сынып оқушысы алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысын ауруханаға жеткізді.

«Аталған факт сот алдындағы істердің бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Талқылау