Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ата-анасы сәбиінің балабақшада тас еденге басымен құлағанын видеодан көрген

Қарағандылық ата-ана сәбиінің еденге басымен құлағанын видеодан көргенімен, тәрбиелеуші мұны мойындамаған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Рүстем Рашев есімді қолданушы бұл видеоны YouTube арнасына жариялады. Таспадағы мерзімге қарағанда оқиға 27 қазан күні болған.

Қарағанды білім бөліміне не себепті жасы кіші балалар тәрбиеленетін мектепке дейінгі білім беру мекемесінің едені кафельмен қапталғаны, басымен кафельге құлаған баланы медициналық тексеруден өткізген-өткізбегеніне жайлы сауал қойылды. Өйткені бала басымен қатты құласа, миы шайқалып, гематома алуы мүмкін.

«Біз видеороликті көрген жоқпыз. Ол ата-аналардың қолына қалай түсіп қалғанын, оқиға қай балабақшада болғанын анықтаймыз», – деді білім бөліміндегілер.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді

Талдықорғанда бала-бақша қызметкерлері мекемені әлдекімдердің дуалап тастағанын айтып даурықты

Қарағандыда 3 жасар бала дүкендегі үстел үстінде тұрған хлор ерітіндісін ішіп қойды

Талқылау